Жаңалықтар

10 сәуір, 2026
39

«KOREM» АҚ жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарға тіркеудің жалғасып жатқанын хабарлайды

1 Фото

   «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі аймақтарында жел электр станциялары (ЖЭС) және күн электр станциялары (КЭС) бойынша еркін аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеу жалғасып жатқанын еске салады.

Аукциондық сауда-саттық 27 – 30 сәуір күндері сағат 15:00-де (Астана қаласының уақытымен) өтеді:

Жел электр станциялары (ЖЭС) бойынша аукциондар:

  • 27 сәуір – Батыс аймақ, Атырау облысы
    Орнатылған қуат көлемі: 250 МВт
    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 наурыз – 17 сәуір аралығы

Күн электр станциялары (КЭС) бойынша аукциондар:

  • 28 сәуір — Оңтүстік аймақ, Түркістан облысы
    Орнатылған қуат көлемі: 50 МВт
    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 наурыз – 20 сәуір аралығы
  • 29 сәуір — Оңтүстік аймақ, Алматы облысы
    Орнатылған қуат көлемі: 100 МВт
    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 29 наурыз – 21 сәуір аралығы
  • 30 сәуір — Оңтүстік аймақ, Алматы облысы
    Орнатылған қуат көлемі: 50 МВт
    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 наурыз – 22 сәуір аралығы

Қосымша ақпарат алу үшін «KOREM» АҚ-на koremadm@korem.kz электрондық поштасы арқылы немесе +7 (7172) 982-965 телефоны бойынша хабарласуға болады.