Жаңалықтар
Қазақстан мен Моңғолия елдерінің электр энергетикасы саласындағы қарым-қатынастары талқыланды
2025 жылғы 26 ақпанда «KOREM» АҚ Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасындағы Моңғолия елшілігінің кеңесшісінің қатысуымен Моңғолия Үкіметі жанындағы реформаларды жеделдету орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу аясында тараптар энергетика саласының құрылымы мәселелерін, Қазақстан мен Моңғолияның электр энергиясы нарықтарындағы өзара қарым-қатынас жүйелерін талқылады.
Сондай-ақ, «KOREM» АҚ тарабы елдің энергия жүйесіндегі тепе-теңдікті сақтау үшін электр энергиясының көтерме нарығын қайта құруға бағытталған реформаларды таныстырды. Аталмыш реформалар электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты іске қосуды қамтиды.
Бұдан басқа, жаңартылатын энергия көздері мен маневрлік генерациялау жобаларына инвесторларды іріктеу негізінде аукциондық сауда-саттық тетігін енгізу қорытындысы бойынша Қазақстанның ағымдағы нәтижелері қарастырылды.
Тараптар генерация секторына инвестициялар тарту, ЖЭК секторын, оның ішінде электр энергиясын сақтау жүйелерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық пен пікір алмасуды жалғастыруға уағдаластыққа қол жеткізді.