Жаңалықтар

05 наурыз, 2025
28

«KOREM» АҚ ЖЭС құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталғанын хабарлайды

1 Фото

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 499 МВт-тан асатын ЖЭС (электр энергиясын сақтау жүйесі бар) құрылысына қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізіміне ену үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 4 наурыз – 7 сәуір аралығы.


Сауда-саттық күні: 2025 жылғы 15 сәуір.


Сауда-саттықты өткізу уақыты (Астана уақыты бойынша): 15:00-ден бастап.

 

Барлық сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-на koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұраныс жіберу арқылы немесе келесі нөмір бойынша хабарласа аласыздар: 8 (7172) 982-965.