Жаңалықтар

02 сәуір, 2025
38

АО «KOREM»-нің жаңадан қабылданған қызметкерлері ішкі нормативтік құжаттармен танысты

2 Фото
2 Фото

2025 жылғы 2 сәуірде АО «KOREM»-де жаңадан қабылданған қызметкерлер ішкі нормативтік құжаттармен, атап айтқанда, Еңбек тәртібі қағидаларымен және Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тәртібімен таныстырылды. Семинарды Әкімшілік департаменті мен комплаенс-офицер бірлесіп өткізді.

Әкімшілік департаментінің директоры жаңадан қабылданған қызметкерлерді олардың құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ Еңбек тәртібі қағидаларының негізгі ережелерімен таныстырып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау мен еңбекті қорғау мәселелеріне баса назар аударды. Сонымен қатар, Департамент директоры компаниядағы еңбекақы төлеу мен әлеуметтік қолдау жүйелерінің негізгі қағидаттарын түсіндірді.

Семинар барысында комплаенс-офицер жаңадан қабылданған  қызметкерлерді Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті реттейтін ішкі нормативтік құжаттарымен таныстырып, комплаенс мәселелеріне арналған жеке бөлімнің бар екенін айта келе, оның негізгі ережелерін түсіндірді. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша жүгіну тетіктері, сондай-ақ этика және іскерлік адалдық мәселелеріне қатысты кеңес алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.