Жаңалықтар

15 сәуір, 2025
113

АО «KOREM» алаңында алғаш рет 1000 МВт көлемінде қуат бойынша аукциондар өткізілді

1 Фото

Электр энергиясын жинақтау жүйесімен жабдықталған жалпы орнатылған қуаты 1000 МВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салуға арналған аукционның нәтижелері жарияланды.

2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 1000 МВт жел электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 20 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 4000 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 22,68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 22,68 теңге/кВтсағаттан 18,72 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.

Аукцион қорытындысы бойынша "Turan Wind Energy", ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты - 1000 МВт, аукцион бағасы - 18,72   теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, НПП РК «Атамекен», Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы  және «Ассоциация ВИЭ «Qazaq Green»  өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылғы 26 мамырға жоспарланған.