Жаңалықтар

16 қыркүйек, 2025
13

ГЭС пен БиоЭС аукциондарына тіркеу басталды

1 Фото

“KOREM” АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша  ГЭС және БиоЭС құрылысына қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталу уақыты туралы хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттық 10-12 қараша аралығында 15:00-ден бастап өтеді (Астана уақыты бойынша):

Аукциондық сауда-саттық ГЭС

10 қараша– Барлық аймақ
Жалпы белгіленген қуаты – 50 МВт (кіші)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 қыркүйек – 31 қазан

11 қараша – Барлық аймақ
Жалпы белгіленген қуаты – 200 МВт (үлкен)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 22 қыркүйек – 3 қараша

Аукциондық сауда-саттық  БиоЭС

12 қараша – Барлық аймақ
Жалпы белгіленген қуаты – 20 МВт (кіші)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 23 қыркүйек – 4 қараша

Барлық сұрақтар бойынша “KOREM” АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау жіберу немесе 8 (7172) 982-965 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласуға болады.