Жаңалықтар

16 қыркүйек, 2025
17

«КОРЭМ» АҚ және «IBA Astana Dev» ЖШС Жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастық

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

«Қазақстан электр энергиясы мен қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамы («КОРЭМ» АҚ) және «IBA Astana Dev» ЖШС «КОРЭМ» АҚ бизнес-процестеріне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуге бағытталған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі еліміздің энергетика секторын цифрландырудағы жаңа кезеңді білдіріп, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыруға арналды.

Меморандум компаниялар арасындағы әріптестікті нығайтып, «КОРЭМ» АҚ-тың негізгі бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін инновациялық ЖИ-шешімдерді әзірлеу мен енгізуді көздейді. Басым бағыттардың қатарында – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының тиімділігін арттыру, деректерді талдауды жетілдіру және операциялық процестерді автоматтандыру бар.Аталған қадамдар Қазақстанның электр энергетикасы саласын цифрландыру стратегиясына сәйкес келеді және «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасын іске асыруға ықпал етеді.