Жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
2

«KOREM» АҚ жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарды өткізу тәжірибесімен Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы делегацияларымен бөлісті

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

«KOREM» АҚ алаңында Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және «Энергия» КДО делегацияларының қатысуымен «Қазақстандағы ЖЭК аукциондарын өткізу тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара «Еуропалық Одақ – орнықты Орталық Азия: Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері» (EURECA) өңірлік бағдарламасының қолдауымен өтіп, өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және жаңартылатын энергия көздері жобалары бойынша аукциондық саудаларды өткізудегі озық тәжірибемен алмасуға бағытталды.

Қатысушылар Қазақстанда аукциондық жүйені енгізудің заңнамалық және техникалық аспектілерімен, сондай-ақ 2035 жылға дейінгі электр энергетика саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «жасыл» генерацияны дамыту бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлармен таныстырылды.

Сонымен қатар, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері ЖЭК жобаларына инвестиция салушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ететін шарттық қатынастар жүйесін таныстырды.

Кездесу барысында делегациялар жоғары қызығушылық танытып, бірқатар нақтылау сұрақтарын қойды және семинардың мазмұнды бағдарламасы мен сапалы ұйымдастырылуы үшін «KOREM» АҚ-на алғыс білдірді.