Жаңалықтар

22 желтоқсан, 2025
14

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық (БиоЭС)  

1 Фото

«KOREM» АҚ 2025 жылғы 12 қарашада орнатылған қуаты 20 МВт болатын биомассалық электр станциясы (БиоЭС) түрі бойынша жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеуге арналған аукциондық сауда-саттық өткізілгенін хабарлайды.

Сауда сессиясының қорытындысы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 1 компания ғана жіберілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 67-тармағы 2) тармақшасын (аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім берген қатысушылар саны кемінде екі болуы тиіс) басшылыққа ала отырып, аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хабарландыруына сәйкес (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/press-releases/details/15450?lang=ru), орнатылған қуаты 20 МВт болатын БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы 10 ақпанда сағат 15:00-де өтеді.

Аукциондық сауда-саттықтың ұйымдастырушысы ретінде «KOREM» АҚ қайталама аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді тіркеу аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, аукциондық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басталып, аукцион басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аяқталатынын хабарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін «KOREM» АҚ-қа koremadm@korem.kz электрондық поштасы арқылы немесе 8 (7172) 982-965 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.