Жаңалықтар

29 қараша, 2024
116

«КОREМ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары: комплаенс-офицердің семинары

1 Фото

2024 жылдың 28 қарашасында комплаенс-офицер Баймұратұлы Булат жаңадан қабылданған қызметкерлерді «КОREМ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және «КОREМ» АҚ директорлар кеңесінің хаттамасымен бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

Біріншісі – жеке тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;

Екіншісі – сыбайлас жемқорлықты дер кезінде анықтап, оның келеңсіз салдарының алдын алу.

Семинар барысында комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қағидаттарын да атап өтті:

  • заңдылық
  • ашықтық
  • этикаға сәйкестік
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу және оларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау және мүдделер қақтығысын болдырмау.

Сондай-ақ комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережелерін бұзу бойынша мақсаттар, міндеттер және қолданылатын өкілеттіктер туралы баяндады.

Семинар аясында қызметкерлер өздерін қызықтыратын барлық сұрақ бойынша толық түсіндірмелер алды.