Жаңалықтар
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ НАРЫҒЫ-2025: жаңа кезеңге арналған келісімшарт науқаны басталды
«KOREM» АҚ 2025 жылға арналған келесі шарттар жасасу жөніндегі науқанның басталғанын хабарлайды:
- теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату;
- теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу.
Шарттар жасасу «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде, ерекше жағдайларда қағаз жеткізгіш арқылы жүргізіледі және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойылады.
Осыған байланысты 2024 жылдың 18 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін келесі құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну қажет:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
3) Жарғының көшірмесі немесе Үлгі жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырғаны туралы растау хаты;
4) басшы лауазымына тағайындау туралы қатысушы(-лар) шешімінің көшірмесі;
5) қажет болған жағдайда шартқа қол қоюға құқығы бар тұлғаға бұйрықтың (сенімхаттың) көшірмесі;
6) екінші деңгейдегі банктен банктік деректемелерді растайтын құжаттар (анықтамалар).
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңына сәйкес Сізге 1-баптың 33) тармақшасына сәйкес келу қажет, осыған байланысты Сіздің компанияңызды жүйелік оператор қалыптастыратын көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізу процесін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін «KOREM» АҚ жауапты қызметкерлеріне келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 982-946, +7 (7172) 982-947 немесе rcbre@korem.kz электрондық поштасына.