Сала жаңалықтары

06 наурыз, 2024
101

Энергетика министрі ведомствоның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларын айтты

1 Фото

2024 жылғы 5 наурызда Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алқа отырысы барысында ведомство жұмысының 2023 жылғы қорытындысы туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларын айтты.

Өз сөзінде министр 2023 жылы 112,8 млрд. кВтсағ электр энергиясы немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 100% өндірілгенін атап өтті. ЖЭК электр энергиясын өндіру 6,67 млрд. кВтсағ құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 31%-ға жоғары (2022 ж. – 5,1 млрд. кВтсағ).

Жалпы қуаты 495,6 МВт болатын 16 ЖЭК жобасы пайдалануға берілді (12 ЖЭС – 437,1 МВт, 2 ГЭС – 3,7 МВт, 2 КЭС – 54,77 МВт).

2023 жылы электр энергетикасы саласындағы заңнамалық реформа шеңберінде Бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарық базасында электр энергиясының көтерме сауда нарығының жаңа моделі енгізілді.

Министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні БЭЖ-де тапшылық негізінен тұтынудың ең жоғары сағаттарында байқалды. Тапшылық электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы жүзеге асыратын іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерінен электр энергиясын жоспарлы импорттау жолымен жабылады.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында министрлік 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс шаралар жоспары қабылданды, оған сәйкес қолданыстағы жаңғыртудың бірқатар жобаларын іске асыру, сондай-ақ шамамен 26 ГВт жиынтық қуатқа жаңа қуаттарды енгізу көзделген.

2030 жылға қарай ЖЭК-тің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында жалпы қуаттылығы 6 ГВт-тан асатын жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықты өткізу (2024 ж. - 1270 МВт), сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен ауқымды жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі.

Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде «Энергетиканың цифрлық платформасы» ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы және энергия объектілерінің цифрландырылған 141 паспорты туралы айтты.

Министр ведомствоның 2024 жылға арналған жоспарында келесілерді айқындады:

- көтерме және бөлшек тұтынушылар деңгейінде энергия ресурстарының барлық түрлерін (ЭЭ, ЖЭ және газбен жабдықтау) есепке алуды цифрландыру;

- энергетика субъектілері мен объектілерін паспорттау, ОЭК геоақпараттық жүйесін әзірлеу;

- Energy Tech платформаны іске асыру (бірыңғай технологиялық платформаға көшу, барлық қолданыстағы АЖ біріктіру);

- жалпы қуаты 259 МВт ЖЭК 11 объектісін енгізу;

- жоспарға сәйкес энергия объектілері мен электр беру желілерінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

2024 жылға 10 энергоблокты, 55 энергетикалық қазандықты және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр беру желілерінде жөндеу жұмыстары және 423 қосалқы станцияда жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, «ЭҚРҚО» АҚ Басшылығы алқа отырысына қатысты.

Фото: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі