2022 жылғы 4 мамырда Энергетика министрлігі Германияның Эконом ...Сала жаңалықтары | Баспасөз орталығы | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Сала жаңалықтары

05 мамыр, 2022
27
1 Фото

Қазақстан мен Германия министрліктерінің өкілдері энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

1 Фото

2022 жылғы 4 мамырда Энергетика министрлігі Германияның Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан-Германия» энергетикалық диалогы шеңберінде жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ тараптар екі елдің энергетика саласын дамытудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сектораралық энергия тиімділігін арттыру, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту сияқты тақырыптарды талқылау.

2019 жылы Қазақстанның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 2022-2026 жылдарға арналған салалық Жол картасы шеңберінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Германия арасында «Энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы» меморандумға қол қойылған болатын.

Отырысқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, сондай-ақ «Ядролық физика институты» РМК өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының энергетика саласының перспективалық бағыттарын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 
Қазақстан БЭЖ
қызметінің негізгі көрсеткіштері
 
  2022 жылдың мамыры жыл басынан бастап
 
Жалпы өндіру
(млн.кВт сағ)

8559.62

55 483.74
 
Тұтыну
(млн.кВт сағ)

8571.66

55 133.23


Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Маусым 2021 2022
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 8.700 20.000
min баға тг/кВт*сағ 8.500 18.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 10.140 0.000
min баға тг/кВт*сағ 2.750 0.000
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 54 072 9 216
Форвардтармен сауда-саттық 347 328 0