Кәсіподақ жаңалықтары
«Әріптестермен танысу» айдарының жалғасында сіздердің назарларыңызға біздің қызметкеріміз - Сарманова Маржан туралы әңгіме ұсынамыз!
Маржан компанияда жұмысқа өткен жылдың 1 қарашасында Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің жетекші менеджері болып кірісті.
Бала күтімі бойынша ұзақ демалыстан кейін оған «ЭҚРҚО» АҚ компаниясынан өз орнын табу бақыты бұйырды. Маржан әріптестерімен танысты, олар оған ұжымға оңай қосылуға, корпоративтік мәдениет туралы қажетті кәсіби білім алуға ықпал етті.
Ұйым ішіндегі жұмысты, барлығы қалай үйлесіп, құрмет пен сенімге негізделгенін көріп, ол өзінің еңбек жолын осында жалғастырып, электр энергетикасы саласы туралы көбірек білгісі келеді.
Біздің кейіпкеріміз үш баланың анасы. Ол бос уақытын отбасына, балаларына арнайды, олармен көбірек уақыт өткізуге және белсенді демалыспен айналысуға тырысады. Сондай-ақ көңіл-күйді көтеру үшін фитнес, йога және жүзуге уақыт бөледі.
Оның біздікі сияқты үлкен ұжымда жұмыс істеу тәжірибесі аз болғандықтан, кеңседе жұмыс істеген алғашқы уақыт ол үшін көптеген жағдайлар қызықты болып көрінді. Ол біздің компанияда адамдар өзара құрмет пен бір-біріне көмектесуге және қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Маржан Компанияға өсу бағытында дамуды және бірлескен күш жігермен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілейді! Сондай-ақ, мықты денсаулық пен жағымды көңіл-күй тілейді!
Құрметпен,Калибекова Камила!
(Әкімшілік департамент)