Кәсіподақ жаңалықтары
Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуде қателіктерді қалай болдырмауға болады: «КОRЕМ» АҚ-да оқыту вебинары өтті
«КОRЕМ» АҚ компанияның жаңадан қабылданған қызметкерлеріне «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу кезінде жиі кездесетін қателер» тақырыбында вебинар өткізді. Шараны Қоғамның Әкімшілік департаментінің қызметкері Кенжегалиева Гаухар Айбулатқызы өткізіп, қатысушыларды мемлекеттік тілде сауатты құжаттаманың маңызды тұстарын бөлісті.
Вебинарда қазақ тіліне іскерлік құжаттаманы аудару және дайындау кезінде жиі жіберілетін негізгі қателіктер айтылды. Оның ішінде орыс және қазақ тілдерінің тыныс белгілерінің ережелерінің өзгешелігінен туындаған артық үтірлердің қолданылуы. Орыс тілінен аудару кезінде туындайтын калька мәселесіне ерекше назар аударылды. Гауһар Айбулатқызы қазақ тілінің өзіне ғана тән грамматикалық, стильдік ерекшеліктері болғандықтан, синтаксис пен фразеологизмдерді соқыр көшіру орынды бола бермейтінін айтты.
Сонымен қатар вебинарға қатысушыларға қазақ тіліндегі сөздердің семантикасына қатысты реңктері түсіндірілді, өйткені семантикалық реңктерді ескермей аудару көбінесе мағыналардың бұрмалануына әкеледі. Ерекше назар көпше жалғауларды қолдану ережелеріне аударылды, бұл да кеңсе жұмысындағы қателердің жиі себебі болады.
Вебинар соңында қатысушыларға қазақ тілінен арнайы дайындалған тест тапсыру мүмкіндігі берілді. Тест әрбір қызметкерге қазақ тілінде іс жүргізу кезінде жиі жіберетін қателерді анықтауға мүмкіндік берді.
Қызметкерлердің тілдік сауаттылығы мен кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған осындай оқыту іс-шарасын өткізу «KOREM» АҚ-ның компанияның мемлекеттік тілді қолдау және корпоративтік мәдениетті дамыту саясатына бейілдігін айқындайды.