Теңдестіруші нарық қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру
2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы механизмі және нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 06.06.2023 жылғы №211 Бұйрығымен Қоғам «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 22-5) тармақшасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып айқындады.
Заңның 15-10-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын өткізуді (сатуды) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына ғана жүзеге асырады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теріс теңгерімсіздіктерді тек теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан сатып алуды жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалатын теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарты шеңберінде жүзеге асырылады.
Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарты шеңберінде:
- Шарттың талаптарына, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына және электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы сатады (сатып алады), ал электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алады (сатады);
- Шарттың талаптарына, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының және электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі сатады (сатып алады), ал теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алады (сатады);
- Шартта, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының және электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларының талаптарында белгіленгендей электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктер үшін мөлшері мен тәртібі бойынша төлеуге міндеттенеді.
Сонымен қатар, Заңның 15-10-бабы 13-тармағының 10) тармақшасына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қосылу шарты шеңберінде теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша өзара есепке алуды жүзеге асырады.
Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасында, теңгерімдеуші нарық субъектілері мен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы арасында теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша өзара есептеулерді жүзеге асыру үшін қосылу шарты жасалады.
Қосылу шарты шеңберінде, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының теңгерімдеуші электр энергиясы нарығында туындаған теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектісінің ақшалай міндеттемелерін есептеуді, айқындауды және бөлуді жүзеге асырады, ал электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі оларды тәртіппен төлеуге міндеттенеді.
Жоғарыда айтылғандардан, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы келесі әрекеттерді жүзеге асырады:
- теңгерімді электр қуатын және теріс теңгерімсіздіктерді сатады және сатып алады;
- теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатудың жалпы көлемін және олардың теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының әрбір субъектісі бойынша бір айдағы құнын айқындайды;
- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілеріне қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны ұсынады;
- өткен есептік айдағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің берешегінің сальдосын анықтау үшін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін қалыптастырады;
- теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімін қалыптастырады (ақшалай міндеттемелерді талап етуге құқығы бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы, ақшалай міндеттемелері бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы, ақшалай міндеттемелердің сомасы, есептік кезең көрсетілетін құжат).
Теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген электр энергиясының теңгерімдеуші Нарығының жұмыс істеуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 17-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі – теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастыратын құжат, оның негізінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерінде туындаған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің талап ету құқығын және ақшалай міндеттемелерінің болуын растайтын құжат болып табылады.
Қағидалардың 136-тармағында көзделген іс-әрекеттер жүзеге асырылғаннан кейін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімін қалыптастырады.
Қағидалардың 139-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы бекітеді, шағымдануға жатпайды және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі қандай да бір ескертулер мен қарсылықтарсыз қабылдайды.
Қағидалардың 145-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастырады және келесі ақпаратты қамтиды:
- ақшалай міндеттемелерді талап етуге құқығы бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы;
- ақшалай міндеттемелері бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы;
- ақшалай міндеттемелер сомасы;
- есеп айырысу кезеңі.
Қағидалардың 144-тармағына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының қатысушылары арасында қаржылық міндеттемелерді атаулы бөлу нәтижесінде туындаған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысулар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылар арасында теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есептеулер тізілімі негізінде тікелей жүзеге асырылады.
Теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімі бекітілгеннен және жарияланғаннан кейін, теңгерімдеуші нарық субъектілері өзара есеп айырысуды осы өзара есеп айырысу тізіліміне сәйкес жүзеге асырады.
Осылайша, теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізіліміне сәйкес ақшалай міндеттемелері бар теңгерімдеуші нарық субъектісі талап ету құқығы бар теңгерімдеуші нарық субъектісіне өз міндеттемелерін төлейді.
Сондай-ақ, Қағидалардың 147-тармағына сәйкес ақшалай міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысулар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі ай сайын, бірақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теріс теңгерімсіздіктермен жүзеге асырады.