Салалық құзыреттер орталығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы туралы негізгі ақпарат
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы саласы мәселелері жөніндегі кеңесте берген салалық орталығын құру қажеттілігі туралы тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен бірге өткен кеңестің 2020 жылғы 4 қарашадағы №17-5/05-2543 Хаттамасының 4.1-тармағы негізінде және 2015 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 103-бабына сәйкес, министрдің 02.08.2021 жылғы № 253 бұйрығына сәйкес «КОРЭМ» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы (ТҚСО) құрылды.
ТҚСО-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. ҚР электр энергетикалық кешенінің технологиялық дамуына ықпал ету.
2. ҚР Энергетика министрлігі қойған міндеттерді жүзеге асыру.
3. даму процестеріне тарту:
- жетекші отандық және шетелдік сарапшылар;
- сараптамалық ұйымдар;
- халықаралық технологиялық компаниялар;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- қызметін жекелеген бағыттар бойынша жүзеге асыратын мамандандырылған құзырет Орталықтары.
ТҚСО қызметі келесілерді қамтамасыз етуге арналған:
1. Мемлекеттік технологиялық саясаттың сабақтастығы.
2. Жүктелген міндеттер шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласы туралы ақпаратты жинақтау, жүйелеу және тарату.
3. Ғылым мен технологияларды дамытуға және/немесе жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды іске асыру.
4. Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, электр энергетикасы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін дамыту және құру, сондай-ақ электр энергиясының құнын қысқарту.
ТҚСО функциялары:
1. инновациялық саясатты әзірлеуге және іске асыруды ұйымдастыруға және электр энергетикасы субъектілерін, тұтынушыларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын, отандық өндірушілерді, инвесторларды және мемлекеттік құрылымдарды үйлестіруге қатысу;
2. жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, электр энергетикасы саласындағы жетекші отандық кәсіпорындардың және мемлекеттік құрылымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3. зияткерлік меншік және инновациялар саласындағы саясаттардың келісімділігін қамтамасыз ету;
4. салалық технологиялық дамуды ілгерілету, ең озық қолжетімді технологиялар трансфері, құзыреттерді арттыру, саланың инновациялық және ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық көрінісін тұжырымдау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігері мен ресурстарын біріктіру;
5. қызметкерлер мен кәсіп құзыреттерінің күтілетін өзгерістерін айқындау, стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу арқылы саланы кадрлармен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу;
6. мамандандырылған құзырет орталықтарының, ахуалдық талдау орталығының және энергетика саласындағы жобалау жұмыстарына қатысатын халықаралық әріптестердің жұмысын үйлестіру;
7. жобаларды іске асыруды ақпараттық және әдіснамалық қолдау;
8. ҚР ЭМ қойған KPI-ді орындау және бағалау жүргізу үшін қабылданатын шаралар туралы есептерді тұрақты ұсыну.