Қызметтер

«КОРЭМ» АҚ көтерме сауда нарығының субъектілеріне және барлық мүдделі тұлғаларға қызметтің төрт түрін көрсетеді:

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу;
  • сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету.

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:

  • «бір күн бұрын» режимінде электр энергиясының күнделікті орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу;
  • спот - сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеу және есепке алу;
  • орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
  • орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша Жүйелік оператормен және Бірыңғай сатып алушымен өзара іс-қимыл жасау.

«KOREM» АҚ-ның электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметі 2025 жылғы 29 қыркүйектегі «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу» қызметіне тарифті түзету қажеттілігі туралы Басқарманың бетпе-бет отырысының № 03-02/24 хаттамасына сәйкес электр энергиясының көтерме нарығының субъектісі – орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы тарапынан орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі сауда-саттық жүйесінде тіркелген мәмілелер көлемінен 1 кВт*сағ үшін 0,0035 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде төленеді.


Сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет өзіне мыналарды қамтиды:

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу үшін өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін айқындау;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтік бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығының қатысушыларына сауда жүйесімен жұмыс бойынша нұсқама өткізу;
  • электр энергиясы нарығының мониторингі;
  • көтерме сауда нарығының субъектілеріне екі жақты шарттар жасасу бойынша ақпараттық жәрдем көрсету.

«KOREM» АҚ-ның электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметі 2025 жылғы 29 қыркүйектегі «Сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге дайындығын қамтамасыз ету» қызметіне тарифті түзету қажеттілігі туралы Басқарманың бетпе-бет отырысының № 03-02/24 хаттамасына сәйкес 2018 жылғы 1 мамырдан бастап электр энергиясының көтерме нарығы субъектісі тарапынан көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын сатып алу және сату көлемдерінен 1 кВт*сағ үшін 0,0056 теңге мөлшерінде төленеді.

«КОREМ» АҚ қызметтерінің тарифтерін есептеу бойынша әдістемелік нұсқаулармен сіз осы жерде таныса аласыз.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:

  • сауда-саттыққа қатысушыларды электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында тіркеу;
  • электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу;
  • орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларға сауда жүйесімен жұмыс бойынша нұсқама жүргізу;
  • электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау.

«КОРЭМ» АҚ-ның электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметіне электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар ҚҚС-сыз 2 000 000 (екі миллион) теңге сомасында төлейді.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы басқармасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №9 күндізгі отырысының хаттамасынан үзінді.

 

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:

  • жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда - саттыққа қатысушыларды тіркеу;
  • жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушының сауда-саттық операторларына нұсқама өткізу;
  • жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау.

"КОРЭМ" АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметін аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар: микрогенерация үшін (0,1-ден 1 МВт-қа дейін) - 499 603 теңге (ҚҚС-сыз), шағын генерация үшін (1 - ден 10 МВт-ты қоса алғанда) - 749 404 теңге (ҚҚС-сыз), ірі генерация үшін (10-нан жоғары МВт) - 2 000 000 теңге (ҚҚС-сыз) сомада төлейді.