Әлеуметтік жауапкершілік | Компания туралы | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Әлеуметтік жауапкершілік

«Самұрық-Қазына» АҚ және оның тобына кіретін ұйымдар қызметінің ауқымы еліміздің бүкіл экономикасының дамуы үшін стратегиялық маңызға ие, адамдардың орасан зор санының мүдделерін қозғайды.

Бұдан «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметіндегі бірқатар маңызды қағидаттар шығады: қоғамның мүдделеріне мұқият қарау, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, оларда қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға, лайықты еңбек жағдайларын қолдауға, адамдардың әлеуметтік және рухани игілігіне жәрдемдесу.

Осыған байланысты, компания тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік құрамдасқа назар аудара отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге тырысады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу болып табылатын әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстанады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік және қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың қорғалмаған топтарына, табысы аз азаматтарға көмек көрсетуге және спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның және оның тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бірыңғай саясатын іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асырады. (info@sk-trust.kz)

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік Қоры – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры компаниялар тобының жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ол Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асырады.

«Samruk-Kazyna Trust» ҚР Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын іске асырады:

Әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдарға, қауымдастықтарға көмек

Медиа, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамыту

Еңбек және ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестициялау

Өңірлік және бизнес бастамаларды қолдау

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қызметі туралы толық ақпаратпен ресми сайтында танысуға болады www.sk-trust.kz



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Желтоксан 2020 2021
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 0.000 23.100
min баға тг/кВт*сағ 0.000 0.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 10.390 9.660
min баға тг/кВт*сағ 7.950 7.910
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 0 19 609
Форвардтармен сауда-саттық 51 840 1 286 280