Жаңалықтар архивы

15 қараша, 2023
410

Қазақстанда ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықта 50 МВт қуаты ойнатылды

1 Фото

2023 жылғы 15 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт аукциондық сауда саттық өтті.

Бастапқы шекті аукциондық баға 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 20 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 265 МВт құрады.

Солтүстік аймақ үшін ЖЭС түрі бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізудің үшінші күнінде өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 12.33 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 46% құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Mars Wind» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12.33 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID, ЕҚДБ өкілдері атынан бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын байқады.

Келесі аукцион жиынтық қуаты 50 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 16 қарашаға тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/    

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/