Жаңалықтар архивы

22 қараша, 2023
388

Қазақстанда шағын ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықта 10 жеңімпаз анықталды

1 Фото

2023 жылғы 22 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 14 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 302 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 50.4 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 30-дан 31.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бастапқы шекті аукциондық баға 2023 жылы 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 19.8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «FTR-Green-LTD» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 19.8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Turan Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.5 МВт, аукциондық бағасы 19.88 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ТК-Мост XXI» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 20.35 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Electrical Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.2 МВт, аукциондық бағасы 20.36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ынтымақ-Энерго» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 22.35 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі жобаның белгіленген қуаты 3.5 МВт, аукциондық бағасы 22.36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ажур» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 23 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Көксу Қуаты» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.5 МВт, аукциондық бағасы 25.44 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • ҚР СРИМ СШК «Қазсушар» ШЖҚ РМК жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 25.89 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ulken Qaqpaq Hydro» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 26.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз)

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Байқаушылар бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аукциондық сауда-саттықтардың өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Айта кетсек, аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес ағымдағы жылы ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін шағын ГЭС түрі бойынша 2 аукцион өткізілді.

Келесі аукцион 2023 жылғы 23 қарашаға ҚР БЭЖ Батыс аймағының күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/