Жаңалықтар архивы

11 маусым, 2024
426

Шағын ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтағы баға 76%-ға төмендеді

1 Фото

2024 жылғы 11 маусымда белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт гидроэлектр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу жөніндегі ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары (Тентек өзенін қоспағанда) үшін ЖЭК бойынша аукцион өтті.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 110 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 44.35 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 20-дан 20.7 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бастапқы шекті аукциондық баға 2024 жылы 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 10 тг/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 10 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық бағасы 11 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Алтын-Гидро» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

 

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, Азия Даму Банкі және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2024 жылғы 12 маусымға ҚР БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша (Тентек өзенін қоспағанда) ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт-қа тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc    

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/