Жаңалықтар архивы

23 тамыз, 2024
354

Қазақстанда маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

1 Фото

2024 жылғы 23 тамызда сағат 10:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймағы (Ақтөбе және Жамбыл облысы) үшін маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №73 бұйрығымен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің көлемі 450 МВт, шекті аукциондық бағаның шамасы – айына 16 299 800 тг / МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 121 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 1 870 МВт құрады. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 450 МВт құрады.

Маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықта өтінімдердің баға диапазонының төмендеуі айына 16 299 800-ден 10 500 000 тг/МВт-қа дейін (ҚҚС-сыз) байқалады. Шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 35.58% - құрады.

 

Келесі қатысушылар аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары болып танылды:

  • «GazEnergyQZ» ЖШС, көлемі – 150 МВт, бағасы – 10 500 000 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);
  • «Energy Flow Generation» ЖШС, көлемі – 250 МВт, бағасы – 10 500 000.01 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);
  • «GES MYRZATAI» ЖШС, көлемі –50 МВт, бағасы – 10 510 000 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз).

 

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықта бақылаушылар ретінде генерациялаудың маневрлік режимімен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «KAZENERGY» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/