Жаңалықтар архивы
Қазақстанда ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағасы 48 %-ға төмендеді
2023 жылғы 16 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК Жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт аукциондық сауда саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 16 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 215 МВт құрады.
Бастапқы шекті аукциондық баға 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 11.88 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан баға 48 %-ға төмендетілді.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Jupiter Wind» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 11.88 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарлануда.
Айта кетсек, ағымдағы жылы аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес ҚР БЭЖ Солтүстік аймағының Қостанай облысы үшін жиынтық қуаты 200 МВт болатын 3 аукцион өткізілді.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және БҰҰДБ өкілдері қатысты.
Келесі аукцион 2023 жылғы 17 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/