Жаңалықтар архивы
ЖЭС түрі бойынша аукциондық сауда саттықта ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін 50 МВт қуаты ойнатылды
2023 жылғы 17 қарашада ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін ЖЭК жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт аукциондық сауда саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 31 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 240 МВт құрады.
Бастапқы шекті аукциондық баға 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 11.78 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі 48% құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «New Clean Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 11.78 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Түркістан облысында орналастыру жоспарлануда.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар Қауымдастығы» ЗТБ және ЕҚДБ өкілдері қатысты.
Айта кетсек, ағымдағы жылы Түркістан облысына жақын орналасқан ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес жалпы қуаты 100 МВт болатын 2 аукцион жоспарланған.
Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 20 қарашаға тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/