Жаңалықтар архивы
Қазақстанда ЖЭС құрылысына аукциондық сауда саттықтың қорытындысы бойынша рекордтық төмен баға белгіленді
2023 жылғы 20 қарашада ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін ЖЭК жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт аукциондық сауда саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 7 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 116.5 МВт құрады.
Бастапқы шекті аукциондық баға 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 10.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады.
ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша бастапқы аукциондық бағадан ең төмен баға белгіленді - 10.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Uranus Wind» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 10.49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Түркістан облысында орналастыру жоспарлануда.
Байқаушылар ретінде «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының ашықтығын атап өтті.
Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 21 қарашаға тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/