Жаңалықтар архивы

24 қараша, 2023
334

Қазақстанда ГЭС түрі бойынша аукциондық сауда саттықта 200 МВт қуат ойнатылды

1 Фото

2023 жылғы 24 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 11 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 99 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 269.51 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 200-ден 206.01 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу уақытында бастапқы шекті аукциондық баға 2023 жылы 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 34.8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «Жарық Су ЛТД» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 33.1 МВт, аукциондық бағасы 34.8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 10.01 МВт, аукциондық бағасы 34.81 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «МТ и К» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 15 МВт, аукциондық бағасы 34.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Baskan Power» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 14.9 МВт, аукциондық бағасы 35.01 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Бекзат» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 12.8 МВт, аукциондық бағасы 35.3 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ЭнергоБилдСервис» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 42 МВт, аукциондық бағасы 35.32 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Alt Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 10.2 МВт, аукциондық бағасы 35.33 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Тараз гринпауэр дженко» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 18 МВт, аукциондық бағасы 35.8 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ТУРГУСУН-2» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 38.99 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Азия Даму Банкінің және USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтеді.

Айта кетсек, жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ГЭС түрі бойынша аукцион бұрын өткізілген (ағымдағы жылдың 01 қыркүйегі) аукцион өткізілмеді деп танылғанына байланысты қайта ойналды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/