Жаңалықтар архивы
2023 жылғы 27 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 45 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 110.001 МВт құрады. Бастапқы шекті аукциондық баға 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 17.34 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша бастапқы аукциондық бағадан бағаның төмендеуі 49.89% құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания - «Хорса» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 10.001 МВт, аукциондық бағасы 17.34 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Жамбыл облысында орналастыру жоспарлануда.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Келесі аукцион 2023 жылғы 28 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/