Жаңалықтар архивы

12 маусым, 2024
329

Қазақстандағы шағын ГЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша рекордтық төмен баға белгіленді

1 Фото

2024 жылғы 12 маусымда белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін (Тентек өзенін қоспағанда) гидроэлектростанциялар құрылысына арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 25 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 35.55 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 13.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Бастапқы шекті аукциондық баға 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының 41.23-тен 8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. 

Шағын ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша бастапқы аукциондық бағадан ең төмен баға белгіленді - 8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық бағасы 8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 30 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

 

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес жалпы белгіленген қуаты 50 МВт болатын ҚР БЭЖ-нің барлық аймақтары үшін (Тентек өзенін қоспағанда) шағын ГЭС құрылысына 3 аукцион өткізілді.

Келесі аукцион 2024 жылғы 13 маусымға белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт болатын ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ірі ЖЭС салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/