Жаңалықтар архивы

13 маусым, 2024
439

Қазақстанда бағаның рекордтық төмендеуімен ЖЭС құрылысына аукциондық сауда саттық басталды

1 Фото

2024 жылғы 13 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК Жел энергетикалық станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 6.9 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі 69,6% құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания «ЭкоВайнд» ЖШС анықталды, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 6.9 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақтөбе облысында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, Азия Даму Банкі мен БҰҰДБ өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2024 жылғы 14 маусымға белгіленген жиынтық қуаты 200 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/