Жаңалықтар архивы
КЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттыққа қатысуға тіркеу басталады
Ағымдағы жылдың 23-26 қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясын салуға жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтеді.
«Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы 2024 жылғы 5 тамыздан бастап төменде көрсетілген кестеге сәйкес КЭС жобаларын салу бойынша аукциондық сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларды тіркеу ашылатынын хабарлайды.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін КЭС салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу кестесі
№ р/п |
Аукциондық сауда-саттықты өткізу күні |
Қуаты |
Шекті аукциондық бағаның шамасы, тг/кВт |
Аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу |
|
басталуы |
аяқталуы |
||||
1 |
23.09.2024ж |
100 МВт |
34.61 |
05.08.2024ж. |
13.09.2024ж. |
2 |
24.09.2024ж |
20 МВт |
34.61 |
05.08.2024ж. |
16.09.2024ж. |
3 |
25.09.2024ж |
20 МВт |
34.61 |
05.08.2024ж. |
17.09.2024ж. |
4 |
26.09.2024ж |
20 МВт |
34.61 |
05.08.2024ж. |
18.09.2024ж. |
Аукциондық сауда-саттық туралы барлық жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ресми интернет-ресурста жарияланады https://www.korem.kz/
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық мәселелер бойынша елесі байланыс телефоны арқылы жүгінуге болады: + 7 (7172) 982-965.