Жаңалықтар архивы

23 тамыз, 2024
356

Маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықта рекордтық төмен баға белгіленді

1 Фото

2024 жылғы 23 тамызда сағат 12:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы (Атырау облысы) үшін маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №73 бұйрығымен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің көлемі 250 МВт, шекті аукциондық бағаның шамасы – айына 16 299 800 тг / МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 850 МВт құрады. Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 250 МВт құрады.

Өтінімдердің баға диапазоны айына 16 299 800-ден 10 094 000 тг/МВт-қа дейін (ҚҚС-сыз) төмендегені байқалады. Шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 38% - құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «STERNA power» ЖШС анықталды, көлемі – 250 МВт, бағасы - 10 094 000 тг/МВт*ай (ҚҚС-сыз).

Атырау бу-газ қондырғысын пайдалануға берудің күтілетін кезеңі - 2028 жыл.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/