Жаңалықтар архивы

23 қыркүйек, 2024
248

Қазақстанда КЭС салу бойынша аукциондық сауда-саттықтар бағаның екі еседен артық төмендеуінен басталды

1 Фото

2024 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34,61 –15.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды. КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша бағаның бастапқы аукциондық бағадан төмендеуі 53.97%-ды құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукцион бағасы 15.93  теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Дамона» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаны Алматы облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» ЗТБ, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, Азия даму банкі, USAID және АХҚО өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтеді.

ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 24 қыркүйегіне жоспарланған.

 

Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:

Ресми сайтhttps://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/