Жаңалықтар архивы

25 қыркүйек, 2024
271

Күн электр станциясының құрылысына аукционық сауда-саттық кезіндегі баға 58%-ға төмендеді

2 Фото
2 Фото

2024 жылғы 25 қыркүйекте ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 53 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі – 140 МВт. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезіндегі 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34.61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясы барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34.61-ден 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді.

Аукцион қорытындысы бойынша «DALA SOLAR» ЖШС жеңімпаз ретінде танылды, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукцион бағасы 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналастыру жоспарлануда.

Бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт құрайтын КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша 2024 жылғы кезекті қорытындылаушы аукциондық сауда-саттық 2024 жылдың 26 ​​қыркүйегіне белгіленді.

 

Аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/