Сала жаңалықтары архивы
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға сәйкес қазіргі уақытта қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттықты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Конкурс Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26 сәуірдегі № 119-п бұйрығымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша технологияларды іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурс өткізу үшін тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды, оның мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындау туралы шешім қабылдады. Елді мекендер тобына келесі қалалар кірді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Ақтөбе.
Толық ақпаратпен, сондай-ақ құжаттарды қабылдау және конкурсқа өтініш берушілерді тіркеу шарттары мен мерзімдерімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында – «Электр энергиясы және қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-да таныса аласыз (https://www.korem.kz/ ).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталуы ұйымдастырушының сайтында жарияланатын болады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін жүзеге асырылатын болады.
Аукциондық сауда-саттық өткізу мәселелері бойынша байланысуға жауапты тұлға – Жұмағали Динара (тел.: +7 7172 740 831, 741 251 эл.пошта: d.zhumagali@ecogeo.gov.kz ).