«KOREM» АҚ Азия Даму Банкінің консультативтік миссиясын қабылдады

«KOREM» АҚ Азия Даму Банкінің консультативтік миссиясын қабылдады

2025 жылдың 19 ақпанында «KOREM» АҚ-да гидроэлектростанцияларды дамыту бағдарламасы мәселелері бойынша Азия даму банкінің нарықты дамыту және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі Кеңсесінің консультативтік миссиясының кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен өтті.

Кездесу аясында қатысушылар 2025-2026 жылдарға арналған аукциондар кестесін талқылады, аукциондарды өткізу қағидаларына ықтимал өзгерістерді, электр энергиясын сатып алу туралы шарттың (PPA) негізгі талаптарын, сондай-ақ ГЭС жобаларын іске асыру үшін жер учаскелерін бөлу мәселелерін қарастырды.

Жұмыс кездесуі Тараптарға пікір алмасуға және Қазақстанда гидроэнергетиканы одан әрі дамыту бойынша негізгі қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы