Директорлар кеңесі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1969 жылғы 7 қаңтар
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
Білімі:
- Қарағанды политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы
- Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты, «бухгалтер-экономист» мамандығы
Еңбек қызметі:
- 2024 жылғы қазаннан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры – Төрағасы (жалғыз акционердің 2024 жылғы 11 қазандағы шешімі, № 366 бұйрық)
- 2021–2024 жж. – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (2021 жылғы 28 қыркүйектегі Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланған, № 298 бұйрық)
- 2022 жылғы тамыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы
- 2021 жылдан бастап – «Шардара су электр станциясы» АҚ Қадағалау кеңесінің мүшесі
- 2018–2021 жж. – «Маңғыстау аймақтық электр желілік компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры
- 2017–2021 жж. – «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС, «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі
- 2016–2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
- 2009–2013 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, «Қазэнергоэкспертиза» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты («Қазэнергоэкспертиза»)» АҚ басқарма төрағасы
- 2002–2005 жж. – «3-Энергоцентр» ААҚ бірінші директорының орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалту басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС бас директоры
- Атқарушы директоры – «3-Энергоцентр» ААҚ, Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан облысы
Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар:
- 2023 жылғы желтоқсан – «Тиімді директорлар кеңесі. Корпоративтік басқару» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсының сертификаты
Мемлекеттік наградалар:
- «Құрмет» ордені
- Екі мерейтойлық медаль
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1973 жылғы 30 қараша
Туған жері: ҚазКСР, Павлодар облысы
Білімі:
- Павлодар индустриялық институты
- «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институты
Еңбек қызметі:
- 2024 жылғы қазаннан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Жалғыз акционердің өкілі
- 2023 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі
- 2024 жылғы қаңтар–қазан – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
- 2021–2022 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы
- 2020–2021 жж. – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
- 2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі
- 2014–2018 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
- 2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры (м.а., директор)
- 2010–2013 жж. – «Қазэнергоэкспертиза» АҚ президенті
- 2008–2010 жж. – Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы (м.а., басқарма бастығы)
- 2008 ж. – «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары
- 2004–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және қолдау агенттігі жүйесінде жұмыс істеген, әр кезеңде Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттер директоры қызметтерін атқарған
- 2001–2004 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған
- 1996–2000 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ-да еңбек нормалау инженері, экономист болып жұмыс істеген
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1979 жылғы 5 ақпан
Білімі:
- 1995–2000 жж. – Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университеті (Астана қ.), АӨК-дегі экономика мен менеджмент, экономист-менеджер
Еңбек өтілі:
- 2021 жылғы қыркүйектен бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2021 жылдан бастап – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы
- 2008–2021 жж. – Мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы
- 2005–2008 жж. – Мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының ұлттық компаниялармен жұмыс бөлімінің бастығы
- 2004–2005 жж. – Ұлттық компаниялармен жұмыс бөлімінің бастығы (м.а.)
- 2003–2004 жж. – Ұлттық компаниялар бөлімінің бас маманы
- 2000–2003 жж. – Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор (келісу бойынша)
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1946 жылғы 24 тамыз
Туған жері: ҚазКСР, Ақмола облысы, Атбасар қаласы
Білімі:
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-электрик» мамандығы, Алматы қ.
- Карол Мартин Гаттон атындағы бизнес және экономика колледжі
- Кентукки университеті, компаниядағы атқарушы функцияларды басқару бағдарламасы, АҚШ
Ғылыми атақтары, дәрежелері:
- Техника ғылымдарының кандидаты
Еңбек қызметі:
- 2022 жылғы тамыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы
- 2022 жылғы сәуірден бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (2022 жылғы 25 сәуірдегі Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланған, № 144 бұйрық; қолданыстағы құрамға 2024 жылғы 11 қазандағы Жалғыз акционердің шешімімен қайта енгізілген, № 366 бұйрық)
- 2021–2022 жж. – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2016–2021 жж. – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі
- 2004–2016 жж. – «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
- 2001–2004 жж. – «KEGOC» АҚ Ақмола филиалының директоры, Астана қ.
- 2000–2001 жж. – «KEGOC» АҚ вице-президенті, Алматы қ.
- 1999–2000 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы, Астана қ.
- 1997–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда департаментінің директоры
- 1995–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қ.
- 1989–1995 жж. – «Атырауэнерго» ӨЭБ («Гурьевэнерго») бас директоры, Атырау қ. / Гурьев қ.
- 1987–1989 жж. – «Гурьевэнерго» ӨЭБ бас инженері, Гурьев қ.
- 1984–1987 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ электр желілері жөніндегі бас директордың орынбасары, Целиноград қ.
- 1971–1984 жж. – ҚазКСР Энергетика және электрлендіру министрлігінің Орталық диспетчерлік басқармасында аға инженер, сектор бастығы, электр режимдерін оңтайландыру қызметінің бастығы, Алматы қ.
- 1969–1971 жж. – «Энергожелі жобалау институты» ҒЗЖИ (НИИиПИ «Энергосетьпроект») релелік қорғау және автоматика бөлімінің инженері, аға инженері, Алматы қ.
- 1968–1969 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ орталық диспетчерлік қызметінің инженері, Целиноград қ.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, құрметті атақтар:
- «Барыс» I, II және III дәрежелі ордендері
- ТМД және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, энергетика ардагері
- Қазақстан Республикасының медальдары: «Астана» медалі, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты
Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
- «Қазақстанда электр энергиясы нарығының қалыптасуы», «Энергетика саласында 55 жыл» атты монографиялар мен бірқатар мақалалардың авторы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1976 жыл
Туған жері: Қарағанды облысы
Білімі:
- О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент», тау-кен инженері-экономист
- Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, «Жылу энергетикасы», техника және технология бакалавры
Еңбек өтілі:
- 2024 жылғы наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы
- 2024 жылғы наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (2024 жылғы 15 наурыздағы Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланған, № 120 бұйрық; қолданыстағы құрамға 2024 жылғы 11 қазандағы Жалғыз акционердің шешімімен қайта енгізілген, № 366 бұйрық)
- 2018–2023 жж. – «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры
- 2017–2018 жж. – «Астанаэнергосервис» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры
- 2016–2017 жж. – «Develop Group KZ» ЖШС директоры
- 2016 ж. – «Қазсушар» РМК өткізу және су ресурстарын пайдалану қызметінің басшысы
- 2015–2016 жж. – «Infiniti media consulting group» ЖШС қаржы директоры
- 2010–2015 жж. – «Қазтрансервис» АҚ филиалының экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті
- 2009–2010 жж. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ішкі хаттама және қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері
- 2006–2009 жж. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры
- 2004–2006 жж. – «Қазжелдортранс» АҚ филиалының директоры («Қазтеміржолкөлік» АҚ)
- 2003–2004 жж. – «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ Маркетинг және сатып алуды жоспарлау басқармасының сатып алуды бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
- 2003 ж. – «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ Жүк тасымалдары маркетингі басқармасы бөлімінің бас маманы, Корпоративтік даму департаменті
- 2001–2003 жж. – Астана қ. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің ақылы қызметтер бағаларын және табиғи монополияларды реттеу бөлімінің бас маманы
- 1998–2000 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру басқармасы жер асты кенішінің учаскелік тау-кен нормалаушысы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1987 жылғы 25 қазан
Туған жері: Қызылорда қаласы
Білімі:
- Алматы энергетика және байланыс университеті
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Экономика»
- Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) бағдарламасы, Мәскеу қ.
Еңбек қызметі:
- 2024 жылғы 15 наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2024 жылғы наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
- 2023–2024 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры
- 2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары
- 2022 ж. – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
- 2020–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті директоры
- 2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары
- 2017–2018 жж. – «Қызылорда электр тарату желілік компаниясы» АҚ пайдалану жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары – бас инженер
- 2016–2017 жж. – «KEGOC» АҚ Алматы филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары
- 2014–2016 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті электр энергетикасы және атом саясаты бөлімінің кеңесшісі, Мәскеу қ.
- 2009–2014 жж. – «Қызылорда электр тарату желілік компаниясы» АҚ аудандық электр желілері қызметінің бастығы
- 2008–2009 жж. – «KEGOC» АҚ Алматы магистральдық электр желілер қызметінің инженері, II санатты инженері
2022 жылғы 5 шілдеден бастап «КОRЕМ» АҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып табылады
Байланыс ақпараты:
Мекен-жайы: 010017, Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сарайшық к-сі 34а, 3 қабат
Телефон: +7 (7172) 98-29-51
Электрондық пошта: esengazieva@korem.kz