Дәрібаев Айдос Нағымадинұлы
Дәрібаев Айдос Нағымадинұлы

Басқарма төрағасы

Айдың бірінші сәрсенбісінде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1987 жылғы 25 қазан

Туған жері: Қызылорда қаласы

Білімі:

  • Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Экономика»
  • Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) бағдарламасы, Мәскеу қ.

Еңбек қызметі:

  • 2024 жылғы 15 наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2024 жылғы наурыздан бастап – «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
  • 2023–2024 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры
  • 2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары
  • 2022 ж. – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
  • 2020–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті директоры
  • 2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары
  • 2017–2018 жж. – «Қызылорда электр тарату желілік компаниясы» АҚ пайдалану жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары – бас инженер
  • 2016–2017 жж. – «KEGOC» АҚ Алматы филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары
  • 2014–2016 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті электр энергетикасы және атом саясаты бөлімінің кеңесшісі, Мәскеу қ.
  • 2009–2014 жж. – «Қызылорда электр тарату желілік компаниясы» АҚ аудандық электр желілері қызметінің бастығы
  • 2008–2009 жж. – «KEGOC» АҚ Алматы магистральдық электр желілер қызметінің инженері, II санатты инженері
Нурмаганбетов Руслан Аймурзаевич
Нурмаганбетов Руслан Аймурзаевич

Қаржы және қызметті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Айдың екінші бейсенбісінде, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1983 жылғы 1 тамыз

Туған жері: Қызылорда қаласы

Білімі:

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
  • «Болашақ» университеті, «Экономика», экономика бакалавры

Еңбек қызметі:

  • 2024 жылғы шілдеден бастап – «KOREM» АҚ Басқарма мүшесі – Қаржы және қызметті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор
  • 2024 ж. – «KOREM» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің директоры
  • 2022–2023 жж. – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
  • 2022 ж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
  • 2021–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басқармасының басшысы
  • 2020–2021 жж. – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
  • 2017–2020 жж. – «Қызылордатеплоэлектрорталық» МКК директоры
  • 2015–2017 жж. – «Қызылорда электр тарату желілік компаниясы» АҚ өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – бас инженер
  • 2014–2015 жж. – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
  • 2009–2014 жж. – Қызылорда облысы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық департаментінің мемлекеттік техникалық инспекторы
  • 2007–2009 жж. – Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы
  • 2006–2007 жж. – Қызылорда облысы қаржы басқармасының жетекші маманы

Шәкенов Дәурен Төлегенұлы
Шәкенов Дәурен Төлегенұлы

Нарықты және сауда жүйесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Айдың үшінші жұмасы, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1982 жылғы 14 желтоқсан

Туған жері: Павлодар облысы

Білімі:

  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, магистратура

Еңбек қызметі:

  • 2024 жылғы қарашадан бастап – «KOREM» АҚ Басқарма мүшесі – Нарықты дамыту және сауда жүйесі жөніндегі басқарушы директор
  • 2022–2024 жж. – «KEGOC» АҚ филиалы Ұлттық диспетчерлік орталығы жүйелік операторының (ҰДО СО) бас диспетчерінің орынбасары
  • 2019–2022 жж. – «KEGOC» АҚ филиалы ҰДО СО белсенді-бейімделгіш жүйелер қызметінің бастығы
  • 2015–2019 жж. – «KEGOC» АҚ филиалы ҰДО СО диспетчерлік қызметі бастығының орынбасары
  • 2009–2015 жж. – «KEGOC» АҚ филиалы ҰДО СО кезекші диспетчері
  • 2008–2009 жж. – «KEGOC» АҚ филиалы ҰДО СО теңгерімдер бойынша диспетчері
  • 2008 ж. – «KEGOC» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы жүйелік операторының операторы
  • 2007–2008 жж. – «KEGOC» АҚ Солтүстік өңірлік диспетчерлік орталығы филиалының Солтүстік МЭС техник 1-санатты
  • 2006–2007 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ электр цехының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі IV разрядты электр монтері