Қызметтер
«KOREM» АҚ мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
- электр қуаты бойынша бір жылдық кезеңге арналған орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
- электр энергиясының спот-саудасын ұйымдастыру және өткізу;
- генерацияның маневрлік режимімен жұмыс істейтін жаңадан енгізілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысын салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
- жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты электрондық жүйеде ұйымдастыру және өткізу;
- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеуді жүзеге асыру;
- уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің әрбір теңгерімдеу аймағы шегінде теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың сағаттық орташа салмақталған бағаларын есептеуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңында көзделген теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының өзге де функцияларын жүзеге асыру;
- теңгерімдеуші электр энергиясына және теріс теңгерімсіздіктерге арналған шекті тарифтерді айқындау.