Қазақстандағы электр қуатының өшуі бойынша тергеу аяқталды
Орталық Азия жүйелік операторларының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия 25 қаңтардағы апаттың себебі Өзбекстан энергожүйесіндегі ажыратулар екенін анықтады: Сырдария ЖЭС пен «Ташкент» қосалқы станциясын жалғайтын 500 кВ желідегі қысқа тұйықталу қуаттың 2100 МВт-қа артуына әкелді.