Қазақстан мен Германия министрліктерінің өкілдері екіжақты энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Кездесуде секторлар аралық энергия тиімділігін арттыру, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту тақырыптары талқыланды. 2019 жылы қол қойылған меморандум аясында тараптар энергетика саласын дамытуда одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.