ЕАЭК энергетика және инфрақұрылым министрі мен ЕАЭК Энергетика департаментінің директоры «КОРЭМ» АҚ алаңына барды
8 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі А.Қожошев пен Энергетика департаментінің директоры В.Закревский «КОРЭМ» АҚ алаңына барды. Кездесуде орта-ұзақ мерзімді орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру артықшылықтары мен «бір күн бұрын» спот-сауда тәжірибесі көрсетілді.