2022 жылғы қорытынды аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша жаңа рекордтық баға тіркелді
29 қарашада жалпы қуаты 100 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша 2022 жылғы қорытынды аукцион өтті. Жеңімпаз «Mezgilder Qushteri» ЖШС болды, аукциондық баға 12,39 тг/кВт*сағ құрады – бұл 42,5%-ға төмендеу, жаңа рекордтық көрсеткіш.