ЖЭК бойынша Қағидаларға өзгерістер енгізілді
Осыған байланысты ұйымдастырушының сайтында Қағидалар жаңартылды, Қағидалардың жаңа редакциясын осы https://vie.korem.kz/details/ndownload.php?fn=113&lang=rus сілтеме арқылы жүктей аласыз.
Қағидалардағы өзгерістер:
- жобаның негізгі параметрлерін қамтитын құжаттамаларсыз және/немесе құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттықты өткізу тәртібін;
- БиоЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу шарттарын;
- аукциондық сауда-саттықты өткізудің уақытша регламентін;
- құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттыққа арналған қаржылық қамтамасыз ету шамасының өзгеруін;
- аукциондық сауда-саттық өткізу барысында өтінімдерді беру тетігінің өзгеруін көрсетеді.
2019 жылы аукциондық сауда-саттық жоғарыда көрсетілген Қағидаларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып жүргізілетін болады. Аукциондық сауда-саттыққа дайындалу және қатысу кезінде Қағидалардың қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуды сұраймыз.