2018 жылдың 23 мамырында алғашқы ЖЭК аукциондық сауда-саттығы өткізілді

2018 жылдың 23 мамырында алғашқы ЖЭК аукциондық сауда-саттығы өткізілді

Қазақстандық компаниялардан 9 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 7 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 40,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңге/кВт*cағ. 18 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды.

  1. «Зенченко и К» СС 2 МВт-қа 18 теңге/кВт*cағ. бағамен
  2. «Вичи» ЖШС 7 МВт-қа 18,01 теңге/кВт*cағ. бағамен
  3. «Ventum Energy» 4,95 МВт-қа 18,99 теңге/кВт*cағ. бағамен
  4. «EastWindEnergy» ЖШС 4,95 МВт-қа 19,99 теңге/кВт*cағ. бағамен
  5. «Иван Зенченко» ЖШС 2 МВт-қа 22,53 теңге/кВт*cағ. бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы 24 мамырда өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр.

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

  • күн электр станциялары – 290 МВт;
  • жел электрстанциялары – 620 МВт;
  • гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
  • биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы