Көктемгі қорытынды аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша "күн электр энергия бағасы" 25.8 тг/кВт*сағ дейін төмендеді

Көктемгі қорытынды аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша "күн электр энергия бағасы"  25.8 тг/кВт*сағ дейін төмендеді

12 қазақстандық және Ресей, Түркия, Қытай, франция өкілдерін қоса алғанда шетелдік компаниялардан 13 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 12,5-тен 50 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 542,5 МВт құрады.  3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 25,80 теңге/кВт*cағ. 34,6 теңге/кВт*cағ. дейін болды.  Шекті аукциондық баға шамасы 34,61 теңге/кВт*сағ. құрайды.

Қатысушылар саны 3-тен кем емес және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушы жеңімпаз болып анықталды.

1. «MISTRAL ENERGY» ЖШС 50 МВт-қа 25,80 теңге/кВт*cағ. бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы күзде өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы