2018 жылдың 8 қазанында жалпы қуаты 30 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша он үшінші аукцион Батыс аймаққа арналды.

Аукционда бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционның ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Келесі аукцион 2018 жылдың 9 қазанына белгіленді.

Анықтама ретiнде:

ҚР ЭМ 22.02.2018 ж. №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлауда:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы