«KOREM» АҚ шағын су электр станцияларын (шағын СЭС) салу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталғаны
«KOREM» АҚ 2026 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша шағын су электр станцияларын (шағын СЭС) салу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Аукционды өткізу күні: 2026 жылғы 4 қыркүйек, сағат 15:00;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 4 тамыздан 27 тамызға дейін (қоса алғанда);
БЭЖ аймағы: барлық аймақтар;
Жаңартылатын энергия көзінің түрі: шағын су электр станциясы (шағын СЭС);
Сатып алынатын орнатылған қуат көлемі: 50 МВт;
Шекті аукциондық баға: 41,23 теңге/кВт*сағ;
Пайдалануға беру талап етілетін мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 60 ай;
Шарттың қолданылу мерзімі: 20 жыл;
Өтінім берушілерге қойылатын талаптар: аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- Ұйымдастырушының сауда жүйесінің деректер базасында тіркелу;
- №466 Қағидалардың 29-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды электрондық форматта ұсыну қажет.
Сондай-ақ, өтінім беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттардың түпнұсқаларын «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-не аукциондық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын ұсынуы қажет екенін хабарлаймыз.
Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-ға хабарласуыңызды сұраймыз: сұрауды koremadm@korem.kz электрондық поштасына жолдау арқылы немесе келесі телефон нөмірі бойынша: 8 (7172) 982-965.