Қазақстанда биоэлектр станциялар (БиоЭС) құрылысы жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

Қазақстанда биоэлектр станциялар (БиоЭС) құрылысы жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт болатын биоэлектр станциясын (БиоЭС) салу жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 3 баға ұсынысын берді, берілген өтінімдердің жалпы көлемі 19,85 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегі қатысушылар танылды:

  1. «Clean Source Kazakhstan» Биоэнергетикалық Агроөнеркәсіптік Кешені» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 10 МВт, аукциондық бағасы – 32,21 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  2. «Sairam biogas and fertilizers factory» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 4,95 МВт, аукциондық бағасы – 32,22 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  3. «ТехноТекстиль» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 4,9 МВт, аукциондық бағасы – 32,23 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздері индустриясының қауымдастығы» ЗТБ-нің және «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ-нің өкілдері қатысты. Бақылаушылар операторы «KOREM» АҚ болып табылатын электрондық сауда жүйесінің жұмысы ашық әрі дұрыс жүргізілгенін растады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы