Директорлар кеңесі
Тиесов Суиншлик Амирхамзиевич
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор (келісу бойынша)
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1946 жылғы 24 тамыз
Туған жері: ҚазКСР, Ақмола облысы, Атбасар қаласы
Білімі:
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-электрик» мамандығы, Алматы қ.
- Карол Мартин Гаттон атындағы бизнес және экономика колледжі
- Кентукки университеті, компаниядағы атқарушы функцияларды басқару бағдарламасы, АҚШ
Ғылыми атақтары, дәрежелері:
- Техника ғылымдарының кандидаты
Еңбек қызметі:
- 2022 жылғы тамыздан бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы
- 2022 жылғы сәуірден бастап – «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (2022 жылғы 25 сәуірдегі Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланған, № 144 бұйрық; қолданыстағы құрамға 2024 жылғы 11 қазандағы Жалғыз акционердің шешімімен қайта енгізілген, № 366 бұйрық)
- 2021–2022 жж. – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2016–2021 жж. – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі
- 2004–2016 жж. – «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
- 2001–2004 жж. – «KEGOC» АҚ Ақмола филиалының директоры, Астана қ.
- 2000–2001 жж. – «KEGOC» АҚ вице-президенті, Алматы қ.
- 1999–2000 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы, Астана қ.
- 1997–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда департаментінің директоры
- 1995–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қ.
- 1989–1995 жж. – «Атырауэнерго» ӨЭБ («Гурьевэнерго») бас директоры, Атырау қ. / Гурьев қ.
- 1987–1989 жж. – «Гурьевэнерго» ӨЭБ бас инженері, Гурьев қ.
- 1984–1987 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ электр желілері жөніндегі бас директордың орынбасары, Целиноград қ.
- 1971–1984 жж. – ҚазКСР Энергетика және электрлендіру министрлігінің Орталық диспетчерлік басқармасында аға инженер, сектор бастығы, электр режимдерін оңтайландыру қызметінің бастығы, Алматы қ.
- 1969–1971 жж. – «Энергожелі жобалау институты» ҒЗЖИ (НИИиПИ «Энергосетьпроект») релелік қорғау және автоматика бөлімінің инженері, аға инженері, Алматы қ.
- 1968–1969 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ орталық диспетчерлік қызметінің инженері, Целиноград қ.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, құрметті атақтар:
- «Барыс» I, II және III дәрежелі ордендері
- ТМД және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, энергетика ардагері
- Қазақстан Республикасының медальдары: «Астана» медалі, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты
Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
- «Қазақстанда электр энергиясы нарығының қалыптасуы», «Энергетика саласында 55 жыл» атты монографиялар мен бірқатар мақалалардың авторы